• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2016

Владимир Путин Алтай университетіне түсу үшін құжат тапсырды

296 рет
көрсетілді

Ресейдің Таулы Алтай республикасындағы Алтай мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына аты-жөні толық Ресей президентімен адас болып келетін Владимир Владимирович Путин деген талапкер жалпы коммуникация, филология және саясаттану факультетіндегі филология және журналистика мамандығына бағытталған құжат тапсырды. altapress.ru агенттігінің ақпарынша, қазір абитуриент Владимир Путин талапкер-филологтар рейтинігісінде – тоғызыншы, ал журналистер арасында он сегізінші қатарды алып тұр. Алтай мемлекеттік университеті бакалавриатқа құжат қабылдауды 26 шілдеге дейін жалғастырады. Оқуға қабылдану үшін топ осы мерзім аралығында аттестаттың түпнұсқасы тапсырылуы тиіс. Әзірге талапкер Путин орта білімі туралы аттестаттың көшірмесін ғана өткізіп отыр екен. Орыс тілінен жоғары 93 балл алуына қарағанда, Владимир Владимировичтің АлМУ-дың студенті атануға толық мүмкіндігі бар сияқты. Мұрат АЙТҚОЖА.