[caption id="attachment_50626" align="aligncenter" width="560"] Фото: tass.ru[/caption]
Испанияның Теруэль қаласында өткен сенбі күні кәсіби тореодор Виктор Баррио бұқа сүзгісінен қаза тапты. Арагон аймағында өтіп жатқан коррида кешінде жануар 29 жастағы спортшыны мүйізімен кеуде тұсынан сүзіп, таптаған.
Ұйымдастырушылар бірден оны ауруханаға жеткізгенімен, өмірін сақтау мүмкін болмапты.
ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Испанияда мұндай оқиға соңғы рет 31 жыл бұрын тіркелген. 1985 жылы осыған ұқсас жағдайдан Хосе Куберо опат болыпты. Мемлекеттің премьер-министрі Мариано Рахой тореодордың жанұясына көңіл айтты.
Айта кетейік, әлемдегі ең қауіпті саналатын спорт түрінен бұл елде соңғы бір ғасыр ішінде 134 тореодор опат болған екен.
Аян ӘБДУӘЛИ