• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2016

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров кезекті жеңісіне жетті

1003 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50629" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] Қазақстандық боксшы 25 жастағы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 40 жастағы бразилиялық Даниэл Соуз Сантоспен кездесіп, басым түсті. Ол осымен 19 жекпе-жегін өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады. Жекпе-жек АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өтті және бокс кешіндегі 10 айқастың бірі болды. Төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Айта кетейік, Жанқош Тұраров өз спорттық жолында осыған дейін 13 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. Ол 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысында туған. Кәсіпқой боксшы көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2009 жылдың 6 ақпан күні Алматы қаласында кәсіпқой бокстағы алғаш жекпе-жегін өткізген. Жартылай орта салмақ (66,7 кг) ProRecord: 19 кездесу, 19 жеңіс (КО 13), 0 жеңіліс. NBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар