• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2016

Еуро-2016 финалы: Кім күшті? Франция ма, Португалия ма?

248 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Париждің түбіндегі Сен-Дени қаласының 80 мың орындық «Стад-де-Франс» деп аталатын стадионында Франция мен Португалия құрамалары Еуропа чемпиондығы атағын сарапқа салады. Осыған орай euro-2016 басылымы Джо Уокер және Дэвид Кроссан деген сарапшылардың аталмыш матч жөніндегі ой-пікірлерін сұраған екен. Джо Уокер, Португалия (@UEFAcomJoeW) Роналду өзін толық ашып көрсете ала ма? Криштиану Роналду Уэльспен өткен жартылай финалдық ойында керемет ойын өрнегін көрсетті. Бірақ ол әлі де өз деңгейінен төмен ойын көрсетіп жүр. Мәселен, Исландиямен және Австриямен топтық кезеңде өткен кездесулерде солай болды. Дегенмен, Роналду өзінің осы кезге дейінгі ойыншылық мансабында ылғи дерлік маңызды жекпе-жектерде керемет ойнап келіп еді. Ал жексенбі күні ойналатын финалдық матчтың солардың бәрінен де асып түседі. Егер біз финалда мұның алдында тап «валлилік айдаһарларды» ауыздықтаған Роналдуды көре алатын болсақ, Португалияның өз тарихындағы ең жоғары трофейді жеңіп алуына нақты мүмкіндік туар еді. Пепенің оралуы Пепе, бәлкім, жарақат құрамнан шығарып тастамағанда, Португалия құрамасының Еуро-2016-дағы ең үздік ойыншысы болар ма еді?! «Реалдың» қорғаушысының тәжірибесі мен шеберлігі Португалия құрамасына қазір турнирдің бас мергені Антуан Гризманнды тоқтату үшін бұрынғы қай кездегіден де артық керек болып тұр. Бруну Алвеш бұған дейін Гарет Бейл бастаған валлиліктерге лайықты қарсылас бола білген, бірақ Пепе енді Гоизманн пен Оливье Жируға одан күшті қарсылас болар еді. Жартылай қорғаныстың құпия қаруы Адриен Силва жұрт назарын өзіне дәл жас Ренату Саншеш секілді аудара алған жоқ. Алайда, оның алаң ортасында атқарып жүрген қара жұмысын бағаламау мүмкін емес. Егер сенбесіңіздер, 1/8 финалда Португалия «Спортингінің» хавбегінен асып өте алмаған хорват Лука Модричтен сұраңыздар. Одан Польша мен Уэльс құрамаларындағы қарсыластары да көп тосқауыл көрді. Португал «тірек» ойыншысының күш-қуаты мен ырғақты қозғалысы енді Поль Погба мен оның әріптестерін де бұғаулау үшін керек болады. Бұған қоса, Силва француз тілін өте жақсы біледі, сондықтан Дидье Дешам шәкірттерінің өзара не айтысып жүргендерін де түсініп қояды. «Үш түстілер» комбинацияларын бұзып тастап тұруға осы жеткілікті болар ма екен? Дэвид Кроссан, Франция (@UEFAcomDavidC) Гризманн факторы Гризманн португалдардың баяу жиналатын қорғаныс шебін бұзып өту үшін таптырмайтын тұлға. Француздардың жетінші нөмірлі ойыншысы турнирде барынша жарқын, нәтижелі ойын көрсетіп жүр. Оның жылдам ойлап, жылдам қозғалатынын жастары тиісінше 32 мен 33-тегі орталық қорғаушылар Жозе Фонте мен Пепеге айтарлықтай қиын проблемалар туғыза алады. Командаластары еркелетіп айтатын Гризу форвард үшін керекті орасан зор жұмысты атқара жүріп, бүкіл алаңды шарлап шығады. Сондықтан оның қысымынан португалдар құтыла алмайды. Оған Жиру күш қосқанда, жағдайды одан бетер ауырлата түседі. Қорғанысты қиратушылар Сөз жоқ, француздар финалда допқа көбірек егелік ететін болады. Олар Германиямен ойынға қарағанда (35%), үлесін көп арттырып жібереді. Осының нәтижесінде Погба мен Димитри Пайенің португалдардың бір тәртіпке бағынған қорғаныс шебін бұзып шығудың мүмкіндіктері көбейе түседі. Погба турнир барысында шыңдалып, қарқынға қарқын қосты, ал жартылай финалда жақсы жағынан көріне алмаған Пайе қатарынан екі ойын бойы көлеңкеде қалып қоймайтын шығар. Роналду Юмтитиге қарсы Шамасы, Франция құрамасы өзінің құрамы жағынан Португалиядан асып түсетін де шығар, бірақ Фернанду Сантуштің жеңінің ұшында Роналду деп аталатын көзірі бар. Егер еуропалық бразилдер капитанының ойыны жақсы жүріп кетсе, жақында «Барселонаға» алынған Самюэль Юмтитиге, әй, ешбір оңай тимейді-ау. Екі құрама ойындары мен олардың саптарындағы ойыншыларға қысқаша шолу жасап өткен Джо мен Дэвид маусым айының басынан бері тиісінше Португалия және Франция командаларының репортерлері болып жұмыс жасап келеді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
Соңғы жаңалықтар