• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2016

«Еуро-2016». Португалия Еуропа чемпионы атанды (фото, видео)

352 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50677" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Еуропа чемпионатының финалында сынға түскен Португалия мен Франция құрамалары Сен-Дени қаласында кездесті. Португалия – Франция 1:0 (0:0, 0:0, 0:0) Стадион: «Стад-де-Франс». Төреші: Марк Клаттенбург. Португалия: Руй Патрисиу, Седрик, Пепе, Жозе Фонте, Рафаэл Геррейру, Вильям Карвалью, Адриен Силва (Жоау Моутинью 66), Ренату Саншеш (Эдер 79), Жоау Мариу, Луиш Нани, Криштиану Роналду (Рикарду Куарежма 25). Франция: Уго Льорис, Бакари Санья, Лоран Косьельни, Самюэль Умтити, Патрис Эвра, Блез Матюиди, Поль Погба, Мусса Сиссоко (Антони Марсьяль 110), Димитри Пайе (Кингсли Коман 58), Антуан Гризманн, Оливье Жиру (Андре-Пьер-Жиньяк 78). Гол: Эдер 109. Ескерту алғандар: Седрик 34, Жоау Мариу 62, Рафаэл Геррейру 95, Рикарду Карвалью 98 Жозе Фонте 119 Руи Патрисиу 120 – Самюэль Юмтити 80, Блез Матюиди 97, Лоран Косьельни 107, Поль Погба 115. Дүбірлі доданының топтық кезеңінде барлық үш ойынын тең аяқтаған Португалия құрамасын чемпион атанады деп португалдардан басқа ешкім ойламаған болса керек. Финалдық кездесуге дейін сылбыр өнер көрсеткен португалдар Еуропа чемпионатының басты фаворит командасын жеңіп, алғашқы кубоктарына қол жеткізді. [caption id="attachment_50680" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Кездесу португалдар үшін аса сәтті бастала қоймады. Француздардың ойын бастала сала қауіпті шабуылдарына тек қақпашы Руи Патрисиу ғана қарсы тұра алды. Ал команданың үміт артып отырған басты жұлдызы Криштиану Роналду Димитри Паймен допқа талас кезінде жарақат алып, 25-минутта алаңнан шығып кеткені ауыр соққы болып тиді. Дегенмен, Фернанду Сантуш шәкірттері жұмылған жұдырықтай қарсыластарының пәрменіне лайықты түрде тосқауыл бола білді. Антуан Гризманн, Мусса Сиссоко сынды дарынды футболшылардың бірқатар қауіпті соққыларын дер кезінде қайтарып үлгерді. [caption id="attachment_50681" align="aligncenter" width="560"] Фото: ua-football.com[/caption] Ойынның негізгі 90 минуты аяқталғаннан кейін ереже бойынша, 15 минуттан тұратын 2 таймдық экстра-тайм берілді. 109-минутта алаңға Ренату Саншештің орнына шыққан Эдер қарсыласы Лоран Косьельниден айласын асырып барып, 25-30 метр жерден тура көздеп соққы жасап еді, Уго Льористің қақпасынан бір-ақ шықты. Француздар осыдан соң барын салып есепті теңестірмек болған, алайда португалдардың қорғанысынан өте алмады. [caption id="attachment_50683" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Ал қорғаныста өте сауатты ойнаған Пепе финалдық кездесудің үздік ойыншысы атанды. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар