• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2016

Алматы қаласында Uber технологиясы іске қосылды

283 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50688" align="aligncenter" width="560"] Фото: pressclub.kz[/caption] Uber халықаралық технологиялық компаниясы Алматы қаласында өз жұмысын бастады. Uber – жеке жүргізушісімен автокөліктерді шақырту бойынша мобильді қызметтерді жасайтын халықаралық технологиялық компания. Енді қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары смартфон арқылы автокөлік шақырта алады. Осылайша, аталған компания Алматыда жұмыс істей бастағанын жариялап, «Алматы даму орталығы» және AlmatyTechGarden-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстан баспасөз клубының хабарлауынша, Алматы Қазақстанда жаңа қосымшасы қолжетімді болатын Астанадан кейінгі екінші қала. Алматы тұтынушыларына uberX-ке келесідей тарифтер ұсынылмақ: автокөлікті ұсыну үшін 170 теңге, әр шақырымға 40 теңге және әр минутқа 5 теңге (әр шақырым мен минутқа кететін жол ақысы қосылады).Осылайша, Арбаттан Республика алаңына (жаңа алаң) дейінгі жолдың жобалай құны 400 теңгені құрайды. М.Әуезов атындағы драма театрынан 28 гвардияшылар-панфиловшылар атындағы саябаққа дейінгі жолақы – 416-499 теңге, ал Горький атындағы мәдениет және демалыс орталық саябағынан циркке дейінгі жол 458-555 теңге тұратын болады. [caption id="attachment_50689" align="aligncenter" width="560"] Фото: pressclub.kz[/caption] Қаланың кез келген жерінен әуежайға бару құны 2500 теңгені құрайды. Медеу танымал курортына бару ақысы да дәл солай болады. Алматыдағы Uber тұғырнамасында тек қана тамаша техникалық ахуалдағы, шығу мерзімі 7 жылдан аспаған шетелдік маркалы (Toyota Camry, Hyundai Accent, Kia Rio және тағы басқа) автокөліктер қызмет етеді. Жаңа қосымша арқылы автокөлікке тапсырыс беру қолданушының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы арқылы автокөлікке тапсырыс расталған соң жүргізуші туралы барша қажетті ақпаратты, яғни оның есімі, суреті, ағымдағы рейтингі, нөмірі және машина маркасы туралы мәліметті алады. Сол сияқты, қолданушы жүргізушімен тікелей байланыса алады. Айнаш ЕСАЛИ
Соңғы жаңалықтар