Қостанайдың шеткері көшесіндегі бір үйдің 5 қабатынан құлаған қыз аман қалды.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 1994 жылы туған қыз Рабочая көшесіндегі көп қабатты үйден әдейі құлаған. Есіктің үстіндегі цемент плитаға құлаған қыздың бас сүйегі және денесі жарақаттанған.
Оны көргендер дереу жедел жәрдем шақырған. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан соң, оны фельдшерлер алып кетпеген. Полицейлер әзірге бұл оқиғаның анық қорытындысын айтқан жоқ. Тек суицидтік оқиға болуы мүмкін дегенді айтып отыр.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА