• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2016

Талдықорғанда жаңа балабақша ашылды

549 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50705" align="aligncenter" width="560"] Фото: Ғалыммұрат ЖҮКЕЛ[/caption] Талдықорған қаласында мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік аясында 125 орындық жаңа балабақша ашылды. «Елордамыздың кәмелеттік жасқа толуына орайластырылып, ашылған бұл балабақша заман талабына сай жабдықталып отыр. Негізі Алматы облысының орталығында мемлекеттік саясатқа сай жаңадан ашуға жоспарланған 12 балабақшаның үшіншісі. Мұнда барлық жағдай жасалып, ата-аналардың балаларын еш алаңсыз қалдырып кетуге ойластырылған. Ыңғайлы да таза бөлмелердің барлығына бейнекамералар орнатылған», деді Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев. Бүгінгі күнге дейін Талдықорған қаласында мектепке дейінгі 50 мекеме жұмыс істеуде. Сол мекемелердің 16 ғана мемлекеттік болып саналады. Бұл бизнесмендердің мемлекеттік-жеке-меншік әріптестікке ерекше көңіл бөліп, қызығушылық танытып отырғанын білдіреді. Тағы бір айта кетер жайт осы жаңа балабақшаны ашумен бірге талдықорғандықтарға 37 жұмыс орнын да ашып беріп отыр. Бизнесмендер тарапынан ерекше қарқынмен қолға алынған бұл шара халықтың да көңілінен шығып отыр. Ең бастысы болашағымыз болып саналатын бүгінгі ұрпақтың уақыт талабына сай тәрбиеленіп тең тұстармен бірге көп дүниені үйренгендігі қажет емес пе? Сондықтан мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік аясында ашылатын әр балабақшаға да қойылатын талап, бақылау болатыны анық. Бұл жаңа жұмыс орнын ашып отырған бизнесменге де сол бала-бақшаға балаларын тәрбиелеуге беретін ата-аналарға да тиімді. Ең бастысы заңнама шеңберінде талап болады. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ Талдықорған қаласы [caption id="attachment_50706" align="aligncenter" width="560"] Фото: Ғалыммұрат ЖҮКЕЛ[/caption]
Соңғы жаңалықтар