• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

Ақпараттар ағыны

295 рет
көрсетілді

Үкімет 3200 жұмыскердің жала­қысын субсидиялауды бастай­ды. Оны Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қанат қақты режімде жүргізеді. Ша­ра қаржы жағдайы күрделі кәсіп­орындардың жұмыскерлеріне қа­тысты жасалады. Бұл туралы вице-министр Біржан Нұрымбетов мәлім­деді. Тұрғын үй мәселесін түбе­гейлі шешу үшін 15 жыл ішінде 1,5 млн. пәтер салынады. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, бұл міндеттерге қол жеткізу мақсатында Елбасы несиеге берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамын бірыңғай оператор етіп белгілеген. Астанада жеңіл рельсті кө­лік жолының құрылысы бас­талады. Келесі айда құрылысы қолға алынатын бұл жұмыс елор­даның мега жобасы болып табы­лады. Ал шойын жолдың құ­ры­­лысы 2018 жылдың күзінде аяқ­т­алады. Ол заманауи жолау­шы­ларды тасымалдау жүйесі Ас­тана халықаралық әуежайы мен жаңа теміржол вокзалын байла­ныс­тыратын болады. Тараздың халықаралық әуежайында Ресей мен Тәжік­станға шығатын тұрақты рейс ашылды. Жамбыл облысының әкімдігінен хабарлағандай, «Ход­жанд-Тараз-Ходжанд», «Сур­гут-Тараз-Сургут» атты алғашқы жо­лаушылар рейсі болды. «Сонымен бірге, биылғы жылдың 10 шілдесінен бастап «Нижневартовск-Тараз-Нижневартовск» және «Түмен-Тараз-Түмен» бағыттары бойынша тұрақты рейс ашылды», – делінген хабарламада. Атырауда бекіре тектес балықтың тұқымдық қоры жа­сақталуда. Бұл балық өсіру зауыт­тарының іркіліссіз жұмыс істеуі үшін керек. Мұнда бекіре, қортпа, шоқыр мен сүйрік балықтарынан қажетінше тұқым алуға болады. Жетім балалардың ортақ базасы құрылды. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі же­тім балалар мен ата-ана қамқор­лы­ғын­сыз қалғандарға отбасы жы­луын сыйламақ. Деректер база­сында баланың жынысынан бас­тап, денсаулық жағдайы, мінезі, туыс­тарының бар-жоқтығы түгел көр­сетіледі. Ақпаратта бала сауал­намасының нөмірі де көрсетіледі. Деректер банкі келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасайды. Заңсыз балық аула­ғандардан мемлекет пайдасына 60 млн. теңге өндірілді. Табиғат қорғаушылар Іле өзенін әуеден, судан және құрлықтан бақылауды қолға алды. Бірлескен шараның нәтижесінде жыл басынан бері 2 тоннадан астам балық, 20 шақырым Қытай аулары және ондаған моторлы қайық тәркіленген. Бұған қоса, балық аулаудың ең сорақы әдістерін қолданған 6 заң бұзушы ұсталды. Хабарлар Үкімет және облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы материалдары бойынша дайындалды