Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Баспасөз хатшысы – ресми өкілі болып Арсен Бектасов тағайындалды.
Ол 1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Анкара университетін бітірген. Содан кейін екі жыл «Әл Ибана» араб тілі институтында білім алған.
Әр жылдары «Астана», «7 арна» телеарналарында, ҚазТАГ ақпарат агенттігінде еңбек еткен, «На страже» газетінде, Ішкі істер министрлігінің Полиция.kz», «Будущее без наркотиков» журналдарында бас редактор болған. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Парламент Сенатының Баспасөз қызметі мен Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінде жұмыс істеді. Соңғы кездері Еуразиялық Топ Баспасөз қызметі және Басқарма Кеңсесінде қызмет етті. Қазақ, орыс, араб, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.
«Егемен-ақпарат»