• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

«Бағалай білгенге бақ қонады» деген осы!

622 рет
көрсетілді

Бүкіл Қазақстан үшін ерекше тарихи биікке шыққан қуанышы­мызды қашан, қалай айтсақ та жарасады. Қазақстан Республикасының Азия тобы мемлекеттерінің атынан Бі­рік­кен Ұлттар Ұйымының Қауіп­сіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарда тұрақты емес мү­шесі болып сайлануы – әрбір қазақ­стандық үшін мерей. Ендігі алдағы екі жыл бо­йын­да біздің еліміз Бүкіл­әлем­дік мін­беден бейбіт­ші­ліктің салтанат құруы жолын­да өзінің жүр­гізіп те, жүзеге асырып та келе жат­қан бей­біт­сүйгіш сөзімен бейбіт­ші­ліктің салтанат құруына өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болды. Әрине, бұл жерде біздің елі­міздің осынау ұлы мис­сия­сының ізгі­лікті мазмұны әр­бір елім деген көзі қарақты азамат үшін аян іс. Сондықтан мем­ле­кеттік деңгейдегі бұл орасан зор сая­­си табысымыз ха­лықтық сипат алып, әрбір отан­­­да­сы­мыздың ел­жан­­д­ылық рухы­ның ны­ғайып, бе­ки түсуі­не жаңа сер­пін бере­тінін ба­са айтқым келе­ді. «Баға­лай білгенге бақ қо­нады» деген осы! Бар­ша әлем біздің еліміз­дің бейбіт­сүйгіш сая­са­тының жемістері мен жеңістерін жоғары бағалап, ас­қаралы мәр­те­беге көтеріп отыр­ғанда, сол мәрте­бенің иесі ретіндегі әрбір азама­ты­мыз­дың мақтаныш сезімінде шек бар ма? Өзім жас ұрпақ тәрбиесі са­ла­сының қызметкері бол­ға­н­­дықтан, мен үшін бұл – айрықша қуаныш. Мектеп әрбір шәкірттің тұл­ғалық мүддесін мем­лекеттік, халық­тық мүд­демен үй­лес­тіріп, біртұтас мем­­лекетшіл азамат баулуға ба­ғыт ұстанады. Осы орай­­да, Қазақстан Рес­­пуб­ли­ка­сының бұл тарихи асуы – отан­шыл­дық тәрбие үшін аса өзектілікті қазыналы береке. Ол арқылы Отан үшін мақтаныш, ел үшін мақтаныш әрбір жастың жүрегіне еселеп ұялайтын болады. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жет­кізген сәттен бастап өзінің бей­біт­сүйгіш жолынан таймай өр­кендеп келеді. Басқа ізгілікті істер­ді айтпағанның өзінде, жер жүзін төрт мәрте құртып жіберуге жете­тін Семей сынақ полигонын жойып, ядролық қарудан бір­жола бас тарту, бүкіл әлемде ядро­лық қарусыздануды жүзеге асыру жолындағы қозғалысқа үздік­сіз үн қосу, еліміздегі саяси тұ­рақ­тылықтың негізгі тетігі болып отырған Қазақстан халқы Ас­­самблеясының игі­лікті жұ­мысын қам­тамасыз ету сияқ­ты іргелі-іргелі іс­теріміздің бірден-бір дұрыс сара жол екеніне көзіміз тағы да жетіп отыр. Бүгінгі жеңісіміз осы нұр­лы жолымыздың одан да та­бысты, одан да нәтижелі бо­луы­на күшті серпін беретіні қуантады. Осынау ұлы істердің жоспарлаушысы, бастамашысы Елбасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев үшін ризашы­лығымыз шексіз. Халқымыз тыныштықта емін-еркін сапалы өмір сүру үшін еңбектеріңіз осылай мұратты бола берсін дейміз. Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері АЛМАТЫ