Ішкі саясатта көпұлтты Қазақстанда татулықты тарқатпай, сыртқы саясатта өзге мемлекеттермен достық, экономикалық әртарапты қарым-қатынасты лайықты жолға қоюды ұстанған Қазақстан өз идеясын әлем елдері алдында дәлелдеп келеді.
«Қазақстандағы татулықтың, тұрақтылықтың негізі неде? Қандай мақсаттар бірнеше ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына бір үйдің баласындай ұйыстырып отыр?» деген мөлдір сұрақтар қазір көпшіліктің көкейінде жүр. Әсіресе, жарылыстар жаңғырығы жазықсыз жандарды қынадай қырып, жер бетін үрейдің елесі кезген осы бір кезеңдерде бейбітшіліктің қазақстандық үлгісі расында таңғаларлық. Осы берекенің мәні мен маңызын түсінбей жүргендер үшін Қазақстанның айтулы Ұйымға мүшелікке таңдалып, дауыс беру нәтижесінде басым дауысты иеленіп, тұғырға көтерілуі толыққанды жауап бола алды деп ойлаймын. Қазақстан бұған өзін өзге елдерге таныта алған жасампаздығымен, биіктен бедерлі әңгіме айта алатын біліктілігімен, өзінде орнаған бейбітшілікті өзге елдерге мүмкіндігінше насихаттау, шиеленістерді шешуге атсалысу ықпалдылығының молдығы нәтижесінде қол жеткізе алды.
Қазақстанды берекелі де бақуатты елге айналдырып, әлем елдеріне танытуда Елбасымыз Н.Назарбаевтың еңбегі ерен. Осы бір айтулы оқиға тұсында елдің мерейі, Елбасының беделі үшін барша Қазақстан халқы бір марқайып қалды дей аламын.
Юрий КЕРЖБАУМ
«Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысы