• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

Теңіздегі өмір

384 рет
көрсетілді

Осыдан үш жыл бұрын Алматыда Қазақстан теңіз флоты үшін әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандар даярлауға рұқсат ретінде үш рет қатарынан дәстүрлі кеме қоңырауы соғылған-ды. Осылайша Қазақстан теңіз академиясы (ҚТА) тұсауын кесіп, академия кадеттері  қазақтың өндірдей ұл-қыздары екенін көргенбіз. Жақында Қазақстан теңіз акаде­мия­сының алғашқы түлектеріне диплом тапсыру салтанаты келіп жетті. Оңтүстік шаһарда 4 жылдық оқу бағдарламасын тәмамдап, бакалавр дәрежесін алған алғашқы 16 кадет осылайша теңіздегі кәсіби қызметіне көшеді. ҚТА 2012 жылы Қазақстан Рес­­публикасы Президентінің тап­­­сырмасы бойынша теңіздегі мұ­най-газ кен алаңдарын игеруді қолдау және дәстүрлі мұнай-газ секторынан тыс Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында құрылғаны аян. Сол кезде ҚТА «Теңізшевройл» ЖШС-нің тікелей қолдауымен құрылып, оған Қазақ-Британ тех­никалық университеті (ҚБТУ) серік­тес болды. Қазақстан теңіз акаде­миясының халықаралық се­рік­тестігіне теңіз білімі сала­сын­дағы конгломерат – STC-Group (Ни­дерланд) компаниясы ша­қырылды. «Шеврон Шиппинг» ком­паниясы кадеттердің халық­аралық деңгейдегі заманауи кемелерде тәжірибеден өтуіне кәсіби тұрғыда қолдау көр­сетіп, тәжірибе сабақтарын ұйым­дастырды. Сондай-ақ, академияның алты түлегін стажер ретінде қа­былдады. – «Теңізшевройл» кәсіпорны атынан академия түлектерін оқуды бі­тіруімен құттықтаймын! Өз бой­ларындағы мақсаткерліктің, ел Үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы арқасында сіздер теңіз тасымалы саласында халықаралық тұрғыда мойындалған қазақ­стандық маман боласыздар, – деді ТШО бас директорының міндетін атқарушы Имер Боннер. Академия Норвегияның Kongsberg Maritime компаниясы шығарған ең озық навигациялық жүйесімен және айрықша жағ­дай­ларды ұқсату үшін пайдаланы­латын құралдармен жаб­дықталған. ҚТА-ның ауқымды және ынталандыратын оқу үдерісі ағылшын тілінде жүргізіледі. Академия түлектері қазақ­стандық және шетелдік кемелерде әлемнің әр түкпірінде жұмыс жасай алатын жоғары білікті мамандар тобын құрайтын болады. Қазіргі уақытта 84 кадет Қазақ­стан теңіз академиясында білім алуда. ҚТА кадеті Арайлым Бе­кова: «ҚТА мен үшін жаңа өмір ашты, ол – теңіз өмірі», – деді. ТШО Инвестициялар және даму министрлігіне теңізшілерді даярлау, аттестаттаудан өткізу және вахталық әдісті енгізу туралы Халықаралық конвенция талаптары мен шарттарына сай екендігін дәлелдеу шаралары бойынша көмек беруді жалғастырып келеді. Бұл Қазақстан теңізшілеріне Қазақ­станның аумақтық сулары­нан тыс сапарларға да шығуға мүмкіндік береді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ