• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

Құздан құлап, аман қалды

327 рет
көрсетілді

Чешенстанның Шатой ауданында 9 жасар бала тереңдігі 170 метр құздан құлап, аман қалды. Оны төтен­ше жағ­дай­лар министрлігінің қызметкері құтқарып алған. Болжам бойынша, ол таудан су аламын деп құлап кетуі мүмкін. «Бір қуанарлығы, ол құлап бара жатып, 80 метр тереңдікте бұтақ­тан ұстап үлгерген. Мұндай жағдай орын алма­ғанда 90 метрден кейін жерге құлап, қаза табуы әбден мүмкін еді», – деді Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Чешенстан Республикасы бойынша басқарма басшысы Руслан Яхьяев. – Осы айдан бастап мемлекеттің туристік аудандарында қосымша құтқарушы бекеттер қызмет етіп жатыр. Сол қосымша бекеттен баланың туысқандары көмек сұраған. Осыдан соң, оқиға орнына дереу 10 құтқарушы жі­беріліп, альпинистік жабдықтардың көме­гімен құтқарып алды», – деп атап өтті Руслан Яхьяев. Қазір бала Грозный қаласындағы №2 балалар ауруханасында жатыр. Түрлі дене жара­қатын алған. Дегенмен, дәрігерлер жағ­дайы бірқалыпты екенін мәлімдеді. Ал туыс­қандарымен арнайы психологтар жұмыс істеуде Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»