• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

Тістері әшекейленген бассүйек

491 рет
көрсетілді

Мексиканың ежелгі қаласынан табылды

Мексиканың ежелгі Тео­ти­уа­кан қаласының маңы­нан қазба жұмыстары кезінде тіс­тері минералды тастармен әшекейленген ақсүйек әйел адамның бассүйегі табылды. Ғалымдар осыдан барып сол кезеңде өмір сүрген халықтың тіс протездеуді жақсы білгенін мәлімдеді. Зерттеу жұмыстары кезінде алдыңғы екі тісіне дөң­гелек формадағы пирит тастары орнатылғаны анықталған. Ал оның құрамында темір өте көп.

Болжамға сәйкес, ақсүйек әйелді осыдан 1600 жыл бұрын 35-40 жас шамасында жерлеген. Ол сол тұстағы қоғамның жоғарғы топтарының мүшесі болған. Қазба жұмыстары ке­зінде оның қабірінен тағы бір­неше ыдыс-аяқ табылды. Мамандардың пікірінше, ол Теотиуакан қаласының жергі­лікті тұрғыны емес, өзге аймақ­тан көшіп келіпті.

Сол сияқты, арнайы меха­никалық күштің көмегімен бас­сүйегінің формасы өзгертілгені де белгілі болды. Мұндай үр­дісті мәйіт иесі жерленген ор­талық аймақтың халқы емес, көбіне оңтүстіктің тұрғындары жүзеге асырып отырған. Ежелгі адамдар бұл формадағы адамдар өте сұлу әрі табынушыларына өзгелерден жақынырақ болады деп есептеген екен.

Айта кетейік, Теотиуакан өз заманында әлемдегі ең ірі қалалардың бірі болған. Кей­бір деректерде халқы 200 мыңнан асқан деген мәліметтер бар. Біздің дәуіріміздің VII ғасы­рында қала тұрғындары белгісіз себептермен бұл аймақтан кө­шіп кеткен екен.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар