• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

Қызылорда облысында басқарма басшысы тағайындалды

303 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50904" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы тағайындалды. Inform.kz-тің мәліметі бойынша, Ринат Сұлтангереев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы ретінде бастаған. 2004-2012 жылдары облыстық ішкі саясат департаментінің бас есепшісі, облыстық мәслихат аппаратының бас маманы және облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған. 2012-2014 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ, кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны директорының орынбасары, ал 2014-2015 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметінде болған. 2015 жылдың маусым айынан бері Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді. Айдар ӨРІСБАЕВ
Соңғы жаңалықтар