• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2016

Ақпараттар ағыны

275 рет
көрсетілді

Бас прокуратура тиімді бәсекелестік бойынша елі­міздің барлық облыстарынан жұмысқа жаңа 180 қызметкер алуға ниетті. Бұл туралы ведомствоның кадр жұмысы департаментінің бас­тығы Александр Огай Аста­надағы баспасөз-конферен­циясында мәлім етті. Биылғы жылдың ал­ғашқы тоқсанында Ақмола облысында 300-ге тарта қайырымдылық шарасы өткізіліп, 200 миллион теңге қаражат жиналған. Бұл туралы Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» үйінде Ақмола об­лысының әкімі Сергей Кула­гиннің қатысуымен өткен Қа­зақ­стан халқы Ақмола облыс­тық Ассамблеясының XIX сес­сиясының отырысында айтылды. Шығыс Қазақстан об­лысының Зайсан ауданында табиғи газды өндіру көле­мі 6,2 пайызға көбейді. Биыл­ғы қаңтар-мамыр айларын­да аталған аймақтағы кәсіп­орындардың өнім шығару көлемі 2530,5 млн. теңгені құрады. 2015 жылдың сәйкес кезеңінде физикалық индекс көлемі өңдеу өндірісінде 130,0 пайызды, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 104,9 пайызды құраған. Ертіс өңіріндегі «Пав­лодартұз» ЖШС өндірістік қуаттылығын 150 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Қазіргі таңда аталған кәсіпорын тұзды Үлкен Қалқаман көлінен алады. ЖШС директоры Денис Семеновтің айтуынша, биыл 85 мың тонна тұз өндіру жоспарланған. Солтүстік Қазақстан облысында биыл 1,7 млрд. теңгенің 2 астық қоймасын ашу жоспарланған. Облыс бойынша «ҚазАгро» хол­дингінің инвестициялық қор­жынында құны 19,3 млрд. тең­генің 54 жобасы бар. Бүгінгі таңда оның ішіндегі құны 17,64 млрд. теңгенің 52 жобасы пайдалануға берілді. Қарағанды облысында денсаулық сақтау мен АӨК саласында 6 жоба мем­лекеттік қолдауға ие болды. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 43 жаңа жұмыс орнын ашып, 120 жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік бар. Жайық өзеніне 2,6 млн. дана бекіре тұқымдас ба­лықтың шабақтары жібе­рілді. Оның ішінде 900 мың данасы – бекіре және 1,7 млн. дана – шоқыр шабағы. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы материалдары бойынша дайындалды
Соңғы жаңалықтар