• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2016

Баян-Өлгийдегі су тасқыны

432 рет
көрсетілді

қандастарымызға қиын тиіп жатыр 10 шілде күні Моңғолиядағы қазақтардың ертеден бергі құтты қонысы болған Баян-Өлгий аймағының орталығы – Өлгий қаласында төтенше жағдай орын алды. Бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан асау ағынды Қобда өзенінің жағасында, иен таудың бөктерінде орналасқан елді мекенге қарғын құлап, осында тұрып жатқан жұртты біраз әбігерге ұшыратты. Әзірге бұл жақтан ресми келіп жатқан мағлұматтар жоқ. Дегенмен, кейбір дерек көз­дерінен жеткен ақпарларға қарағанда, осы селдің салдарынан қоныста 2 үлкен кісі, 4 бала қаза тапқанға ұқсайды. Ал тағы бір ақпарат қайнарларынан тараған мәліметтер бойынша, келесі күні қалаға тағы да су тасқыны лап қойған. Бір қуаныштысы, дер кезінде келіп жеткен құт­қарушылар көмегімен суды басқа арнаға бұрып жіберудің орайы келіпті. Қала әкімшілігіндегі бар­лық сатылы қызметкерлер тұр­ғындарды селден құтқару жұмысына тартылыпты. Аймақ орталығында орналасқан 6 және 9-бақтар аумағында жүрген селдің зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда. Сол аудандарда су басу қаупі бар үйлер тұрғындарын басқа қауіпсіз телімдерге көшіру жұмыстары қатар жүруде. Оларға жаңадан жер бөлініп берілуде. Өлгий қалалық әкімшілігі әзірге үйлері селге кеткен кісілерге арнайы орындардан жер телімдерін беріп, сол жерлерге киіз үймен орнықтырып жатыр. Үй-мүлкі селге кеткендерге әзірге ешкім материалдық көмек қолын соза қоймаған. Кешегі ақпараттарға қарағанда, 6-бақтан 7 үй, 9-бақтан 120-дай үй жарамсыз халге жеткен. «Бір ғана 6-бақ аумағындағы су алған үйлердің аулаларын 10 тонналық цистерналар арқылы сорғызып азайтып жатыр. Бір ауланың өзінен орташа 200-400 тонна су шығуда!» – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылар. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар