• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

410 рет
көрсетілді

2011 жыл 7 ақпан    №17/25    Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөнінде линг­вис­ти­калық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвис­ти­ка­лық комиссияның құрамы (бұдан әрі – лингвистикалық комиссияның құрамы) осы қаулыға қосымшаға сай редакцияда жазылсын. 2. Лингвистикалық комиссияның құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға             Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Хатшы                   Б.МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25  қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы 1. Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, Түркі әлемі ақсақалдары кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); 2. Қамзабекұлы Дихан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша); 3. Қасқабасов Сейіт Асқарұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша); 4. Құрманбайұлы Шерубай - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); 5. Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша).