• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2016

Әуе компаниясының жаңа мүмкіндіктері

329 рет
көрсетілді

Вьетнамның басты іскерлік орталығы саналатын Хошимин қаласында «Эйр Астана» АҚ өкілдігі Қазақстан Рес­публикасының Вьетнамдағы елші­лігінің қолдауымен шаһардағы жетек­ші туристік компаниялар мен авиа­генттіктер үшін «Қазақстанда тоқтау жаса – әр бағытыңа із қалдыр» деген тақырыппен семинар өткізді. Семинар елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында осы айтулы шараға орайлас ұйымдастырылды. Жиынның беташарында «Эйр Астана» АҚ-тың Қиыр Шығыс және Австралия бо­йынша өңірлік бас менеджері Дханвантри Гунетилеке сөз сөйлеп, «Хошимин-Астана» әуе бағытының мүмкіндіктері артып келе жатқанын, сол арқылы Вьетнамнан Қазақстанға, Қазақстан арқылы ТМД мен Еуропа елдеріне туристердің қатынауы жыл санап көбейіп келе жатқанын айтты. Компанияның өңірлік өкілі «Эйр Астананың» Алматы мен Астанадағы хабтардан жасалатын 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтитын желіге ие екендігін тілге тиек етті.  Гунетилеке мырза айтып өткендей, «Эйр Астана» «ЭКСПО-2017 ресми тасымалдаушысы» эксклюзивтік мәртебесі бар ресми серіктес болып табылады. Келер жылы Астанаға келген және барлық транзиттік жолаушыларға көр­меге тегін кіру құқығы берілмек. Осы жиында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Вьетнамдағы елшісі Бекет­жан Жұмаханов пен елшілік қыз­мет­керлері сөз сөйледі. Б.Жұмаханов «Эйр Астананың» әуе бағыттары арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі сынды аса ірі ұлттық жобаны ілгерілетуге толық мүм­кін­дік бар екенін атап өтті. Семинар барысында қатысушылар елімізге визаларын алу тәртібі, ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, Астанаға турис­терді тарту ісіндегі визаларды жеңіл­дету туралы хабардар болды. Қа­тысу­­шылар назарына Қазақстан мен халық­аралық көрме туралы бейнероликтер, басқа да материалдар ұсынылды. «Егемен-ақпарат»