• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2016

Газ лимитін арттыру көзделуде

310 рет
көрсетілді

  Облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязовтың айтуынша, Энергетика министрлігі өңірге орта есеппен айына 4 000 тонна газ бөледі. Жаз мезгілінде газға сұраныстың артуына байланысты басқарма Энергетика министрлігіне лимит мөлшерін арттыру туралы ұсыныспен шығуды ұйғарып отыр. Пайдаланылатын сұйытыл­ған газдың көлемін дұрыс анықтау мақ­­сатында 2016 жылдың басында облыс әкімдігінде жұмыс тобы құ­рылып, оның құрамына энергетика, тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы, кәсіпкерлік басқар­малары мен табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің мамандары кірді. Екі ай көлемінде олар барлық газ құю бекеттерінде апта сайын есеп жүргізіп келді. Облыста барлығы 60 автогаз құю бекеті жұмыс істейді, оның 33-і Ақтөбеде, 27-сі аудандарда орналасқан. Бір газ құю бекеті күніне орта есеппен 7-8 тонна газ құяды, ал аудандардағы орташа көрсеткіш 3 тоннаны құрайды. – Негізі облыста тұтынылатын газ көлемі 5486 тонна, оның 3638 тоннасы облыс орталығында, 1848 тоннасы аудан орталықтарында тұтынылады. Жол полициясы басқармасының мә­ліметтеріне сүйенсек, облыста 206 938 автокөлік бар, оның 23 697-сі газды пайдаланады. Бұл көрсеткіш ай сайын 150-200 бірлікке артып келеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен 850 ведомстволық көлік газды пай­даланады, – деп атап өтті Амантай Бекниязов. Маусым айында облысқа 4000 тонна газ жеткізілді, шілде айында 4200 тонна отын әкелінеді деп кү­тілуде. Оның 3300 тоннасын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», қалған 870 тоннасын «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өндірген. Айта кетейік, «СНПС-Ақтөбе­мұ­найназ» компаниясы ай сайын 28 000 тонна, «Қазақойл Ақтөбе» 3000 тонна газ өндіреді. Отын Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына жеткізіледі. Сатыбалды СӘУІРБАЙ,  «Егемен Қазақстан»  Ақтөбе облысы  
Соңғы жаңалықтар