• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2016

Колледж түлектеріне өндіріске жолдама берілді

436 рет
көрсетілді

Көкшетау жоғары колледжі 2011 жылдан бастап экспериментті түр­де Қазақстанда бірінші болып төрт мамандық бойынша білім беріп келеді. Яғни, мұндағы оқушылар құрылыс саласы, жол құрылысы, автосервис және машина жасау технологиялары мамандықтарына арналған қолданбалы бакалавриат дәрежесін иемденеді. Бұл бағдарламаның бас­ты ерек­шелігі – оқушылар бірін­ші курстан бастап серіктес кә­сіп­орындардың өндірістік жұ­мыстарына қатысып, арнайы тапсырыс бойынша өнім дайындаумен айналысады. Яғ­ни, оқу мен тәжірибені ұштастыр­ған олар кол­леджді бітіргенде дайын кәсіби маман болып шы­ғады. Осыған сәйкес, бұларға сұраныс та жоғары. Мәселен, биыл оқу орнының 67 түлегі ірі кәсіпорындардың ша­қыруымен өз мамандықтарына сай бірден жұмысқа орналасатын болады. Ал, қаладағы №1 құрылыс-техникалық колледжі экономика саласының үш бағыты бойынша мамандар даярлайды. Мұнда да «Дипломмен – ауылға!» бағ­дарламасымен 24 түлек шалғай ауылдарға жолдама алып отыр. – Бүгінгі күні ауылдық жерлерде маман жетіспеушілігі бар, – дейді бізбен әңгімесінде колледж бітіруші Ертай Күрес. – Мен Елбасы Жолдауында ерекше мән берілген бастаманы қолдап, Ерей­ментау ауданындағы Бозтал ауылына жолдама алдым. Өз ең­бегімді ауылға арнап, оны дамы­тып, көр­кейтуге үлес қосқым келеді. Қос колледж түлектеріне дип­ломдар мен жолдамалар тапсыру сал­танатына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы