[caption id="attachment_51492" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption]
Ресейдің Челябі облысында Жоғары Уфалей елді мекенінің тұрғыны 15 маусымда полицияға қызының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы айтып, көмек сұраған.
Екатерина Смердова орманға серуенге кетіп, қайта оралмаған. life.ru сайтының ақпары бойынша, ол орман арқылы үйіне жетпек болып, орта жолда адасып кеткен. Полиция, төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, еріктілер және құтқарушылар бірнеше рет орманды аралап шыққан. Бірақ бұдан ешқандай пайда болмаған.
Орманда адасып кеткен қыз аңшылар үйін көріп қалып, сол жерді паналаған. Ол жертөледе макарон мен жармалар болғандықтан, аштықты сезінбеген. Қайтарға жол таба алмаған ол осы үйде бір ай тұрыпты. Мәліметтерге қарағанда, жоғалған қызды ерлі-зайыптылар көріп қалып, үйіне жеткізген екен.
Аян ӘБДУӘЛИ