• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2016

Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

293 рет
көрсетілді

Кеше Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов журналистерге Францияның Ницца қала­сындағы террорлық актіге байланысты хабарлама жасады. Оның атап өтуінше, терактіден кейін Қазақстанның Франциядағы елшілігіне бес қазақстандық хабар­ласқан. Олардың төртеуі оқиға орнында болғанын және қанды оқиғаны көздерімен көргендерін айтқан. Тағы бір қазақстандық елшілікке таңертең хабарласқан. Террорлық шабуыл кезінде ол Ницца жағалауында болмаған, Ниццаға бейсенбі күні кешке барған екен. Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, терактіден кейін дипломатиялық миссияға Қазақстанның бір азаматы хабар­ласып, өзінің Ағылшын жағалауы маңын­дағы қонақ үйде екенін, онымен бірге тағы үш адам бар екенін жеткізіпті. «Олар өз өмірлері үшін алаңдаған. Қаза тап­қан­дардың мәйіттері мен жараланғандарды терезеден көргенін айтып, көмек сұраған. Біздің дипломаттар оларға уақытында қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, қауіп­тен сақтану жөнінде кеңестер берді. Қазір олар қауіпсіз жерде, ешқайсысы жапа шек­кен жоқ, – деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қыз­метінің басшысы Әнуар Жайнақов. Ә.Жайнақов олардың Ниццаға демалуға барған отбасы екенін атап өтті. Оның хабардар етуін­ше, оларды елге жеткізу бойын­ша көмек қа­жет емес. Алай­да, қазақстандық консулдар олар­мен бай­ланыс ұс­тап отыр, қосымша көмек қа­­жет бол­ған жағдайда жәр­­демдесуге дайын. «Ниц­ц­а­да болған терактіге бай­ла­нысты Франция хал­­қына көңіл айтамыз, – де­ді ол әрі қарай. Алдын ала мә­лі­­мет бойынша, қаза тап­қа­ндар мен зардап шек­кендер ара­сын­да қазақ­стандықтар жоқ». Шілденің 14-і күні Ницца жағалауында Басти­лия қамалын алу күнін мере­келеу кезінде жүк көлігі от­ша­шуды тамашалауға жи­нал­ған адамдарды басып-жан­шып, екі шақырымдай жүрген. Шабуыл салдарынан 84 адам қаза тапты, оның ішін­де балалар да бар. Тағы 18-і ауыр жарақатпен ауру­ха­на­ға жеткізілді, жал­пы 100-ден астам адам жара­қаттанған. Француздық БАҚ жүк көлігінен 31 жастағы Ницца тұрғынының жеке куәлігін тапқанын, оның Франциямен қатар, Тунис азаматы болғанын хабар­лады. Полиция жүк көлігінің жүргізушісін атып тастады. Күш құрылымдары оның сыбайластарының болғанын, не болмағанын анықтап жатыр. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»