Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаулы етемін:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағын, 3-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 шілде № 298
–––––––––––––
2016 жылғы 13 шілдедегі №298 Жарлықтың қосымшаларын газетіміздің 2-бетінен оқисыздар