• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2016

Ықпалдастық жайы талқыланды

188 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Пре­мьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Рес­пуб­ликасының Беларусь Рес­публикасымен екіжақты ынтымақтастығы мәселе­лері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Ми­нистр­дің баспасөз қызметі. Кеңеске қатысушылар өз­ара сауда, өнеркәсіптік кооперация, ғарыш, АӨК, гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастық мәсе­лелерін талқылады. Кеңес барысында 21-22 шіл­деде Гомель қаласында өтетін Қа­зақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының кезекті отыры­сына дайындық барысы да тал­қыланды.