Ақтауда кәдуілгі тұрғын үйінде есірткіні жайқалта өсірген әйел адам анықталды. Үй иесі марихуананы бөлме гүлдерімен қоса құмырада баптап өсірген. Есірткінің әр түбіне, әр талына баппен қараған ол шөп түбінің топырағын кептірмей, тіпті үйдегі ауа температурасын да бірқалыпта ұстай білген. Пәтерге аяқ астынан кіріп келген тәртіп сақшылары 32 түп қарасораны тапты. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен оңай олжа табуды кәсіп еткен келіншек жезөкшелікпен айналысқандығы да анықталды. Үй иесі марихуананы өзі шегетіндіктен, өз қажетіне жарату үшін ғана үйінде өсіргенін айтып ақталды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы