Еуразиялық экономикалық комиссия медициналық бұйымдарды ортақ нарыққа шығару үшін Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік базасын құруды аяқтады. Құжат медициналық бұйымды қолданудағы міндетті талаптарды қолдану тұрғысынан құқықтық реттеу қарым-қатынасын орнатады. Сонымен қатар, ЕАЭО елдерімен сараптаманың бұл талаптарға сәйкестігін жүргізеді.
«ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы отандық туроператорлармен бірлесе отырып, Қазақстан бойынша 73 туристік маршрут әзірледі. Көрмеге келген әрбір турист Елорданың көрікті жерлерімен танысып қана қоймай, Қазақстанның тарихи және мәдени нысандарын көру мүмкіндігіне ие болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» қызмет көрсету сапасын әрі қарай арттыру шараларын қабылдауда. Филиалдар қызметін бағалау үшін KPI деп аталатын «Негізгі тиімділік көрсеткіштері» әзірленді. Мұнда мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету үлесі, композиттік қызметтерді ендіру, фронт-офистерді жаңғырту көрсеткіштері ұсынылады.
Жылжымалы медициналық кешендер 7 облыстың шалғай аудандарына барады. 20 маусым мен 20 шілде аралығында облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Теректі, Қазталов, Бөрлі аудандарында флюорографиялық тексеру жүргізеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында 1 мың гектардан астам егістік алқабы қайта айналымға қосылмақ. Атап айтсақ, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 94,4 шақырым каналды жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінге дейін оның 76,9 шақырымы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 110 дана ағын су тоспаларының 61-і жаңартылды.
Биыл Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 49 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлануда, оның 45-і күрделі жөндеу және 4-і ағымдағы жөндеуден өтеді. Жөнделетін ғимараттардың 37-сі білім беру, 6 денсаулық сақтау, 5 мәдениет және 1 дене шынықтыру нысаны.
Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы материалдары бойынша дайындалды