• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2016

Түркияда қақтығыс кезінде 60 адам қаза тапты

491 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51602" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Түркияда әскери төңкеріс әрекеті салдарынан 60 адам қаза тапты. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Анкарада көтерілісшілердің авиасоққыларынан Түркия парламенті, Türksat ғимараты, Гүльбаши ауданының полиция академиясы зардап шекті. Анкарада қырық екі адам қаза тапты. Олардың ішінде жергілікті тұрғындар мен әскерилер бар. Жұма күні бір топ әскери Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған. Анкара мен Ыстанбұл көшелерінде әскери техника шығып, атыстар мен жарылыстар естілген. Ел президенті Тайып Ердоған қаскөйлердің төңкеріс әрекеті жүзеге аспағанын және ол толық басылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, бұл іске қатысы бар 600-ден астам адам қолға түсті. Аян ӘБДУӘЛИ