• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2016

Оңтүстік Қазақстан жастары бизнес-идеялар байқауын өткізеді

499 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51611" align="aligncenter" width="560"] baq.kz[/caption] Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қала әкімдігінің қолдауымен, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп, жастар арасында «INNOVATION-2016» бизнес-идеялар байқауын жариялайды. Baq.kz-тің мәліметі бойынша, байқаудың негізгі мақсаты әлеуметтік тұрғыдан маңызды болатын, озық технологияларды елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне ендіре отырып, жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау болып табылады. Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік деген 10 жобаға 2 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыс етілмек. Сонымен қатар, әрбір бизнес-идеяға құны 200 мың теңге болатын сертификат үлестіріледі. Байқауға 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Айдар ӨРІСБАЕВ