• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2016

Франциядағы терактіні ДАИШ содырлары жасаған

273 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51620" align="aligncenter" width="560"] Фото: rbc.ru[/caption] Францияның Ницца қаласында террорлық шабуылды «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымы мойнына алды. Бұған дейін жергілікті билік жүк көлігімен 84 адамды өлтірген қаскөйдің кім екенін мәлімдеген болатын. Ол – 31 жастағы Франция азаматы. Осыған дейін полиция қызметкерлері оны кішігірім ұрлық әрекеттері мен тәртіпсіздіктері үшін бірнеше рет ұстаған екен. «Өзі біртүрлі адам болатын. Айналасындағы жұртты сыйламайтын. Сырт келбеті жаман емес, бірақ көзқарасы, әсіресе, әйелдер мен балаларға қарағаны тым сұсты болатын. Көршілеріне жақсылық ойламайтынын біз жақсы білетінбіз», – деді қаскөйдің көршісі. Айта кетейік, 14 шілдеде кешке таман жүк көлігін мінген ол Бастилияны басып алу күніне байланысты отшашуды көруге жиналған адамдарды қағып кеткен. Жүк көлігін тоқтатпастан, алдынан шыққан адамдарды екі шақырым бойы қағып жүре берген. ren.tv сайтының ақпары бойынша, тәртіп сақшылары көп ұзатпай оның көзін жойған. Артынша, қалада арнайы операция жүргізілді. Ел билігі террорлық шабуылдан қаза тапқандарға арнап 16-18 шілде күндері жалпыұлттық аза тұтуды жариялады. Аян ӘБДУӘЛИ