• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2016

Елбасы Түркия президентіне көңіл айтты

289 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға қарулы төңкеріс жасау әрекетіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. akorda.kz-тің хабарлауынша, жеделхатта Елбасының жекелеген теріс пиғылды күштердің Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекеті туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағаны атап өтілген. «Қайғылы оқиға салдарынан барлық қаза болғандар мен зардап шеккендер отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқын бірлестікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз. Жағдайдың тезірек ретке келетініне сенімдіміз. Түрік халқы мемлекеттің демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Реджеп Ердоғанға тілектестігін білдіріп, достас елдердің жарқын болашағына сенімділігін жеткізді. Аян ӘБДУӘЛИ