• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2016

Елімізде Түркиядағы жайларға орай «ақпар желісі» ашылды

339 рет
көрсетілді

 

Қазақстанда Түркиядағы оқиғаларға байланысты 16 шілдеден бері «ақпар желісі»  ашылып, жұмыс істей бастады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР СІМ Астанада Түркиядағы жағдайларға байланысты жедел ақпараттар беріп тұру үшін «ақпар желісі» ашты», - делінген хабарламада. Түркиядағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздік шаралары, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын реттеу мәселелері бойынша тұрғындардың мына телефондарға хабарласуларына болады: +7-717-272-0486 (до 19.00), +7-702-306-3417, +7-701-382-9890. Сол сияқты Түркиядағы ағымдағы жағдайларға байланысты сұрақтарға жауаптарды мына телефоннан ала аласыздар: +7-717-272-0250 (до 19.00), +7-701-777-6447. Мұндай желілер сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде де ашылды: Қазақстан елшілігі РК (Анкара): +90-533-600-6092; Қазақстан бас консулдығы (Ыстанбұл): +90-542-471-2211; Қазақстан консулдығы (Анталия): +90-535-418-3532. Еске сала кетейік, Түркияда 16-шілдеге қараған түні мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етілді. Қарулы қақтығыстар барысында 200-ге жуық адам қаза тапқан болатын. Мұрат АЙТҚОЖА