• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2016

Алматыда композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы жоғалып кетті

314 рет
көрсетілді

Алматыда 16 шілде күні қазақстандық белгілі композитор, музыкант Еркеш Шәкеевтің 1991 жылы туған ұлы Сафар Шәкеев жоғалып кетті. Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, оны жұрт соңғы рет «Казкоммерцбанктің» Әл-Фараби  даңғылы бойындағы орталық бөлімшесі жанында таңғы сағат 7:00-де көрген. Сафар Шәкеев үстіне күлгін түсті футболка мен көк джинсы киген. Енді ол жөніндегі барлық ақпараттарды 8 (747) 626−48−54, 8 (701) 787−88−87, 8 (775) 478−87−71 телефондарына хабарлау сұралып жатыр. Бұл үшін сыйақы беріледі. Еркеш Шәкеев – қазақстандық белгілі композитор, өлеңдерге мәтін жазушы ақын және автор-орындаушы. Оның әндері қазақстандық және ресейлік артистердің репертуарларына енген. Олардың арасында «А-Студио» тобы, «Мюзикола» дуэті, «L» дуэті, «Восток» тобы және Нағима Есқалиева, Ани Лорак, Анита Цой секілді бірқатар әншілер бар. Мұрат АЙТҚОЖА