• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2016

Алматы облысында әкім көмекшісі алаяқтығы үшін сотталды

243 рет
көрсетілді

Алматы облысында Іле ауданы әкімінің көмекшісі мен әкімдіктің бас маманы алаяқтық әрекеттері үшін сот жүзінде жаза алды. Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушылар орындығына Іле ауданы әкімінің көмекшісі М. Жұмағұлов пен «Іле ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік басқармасының бас маманы Ф. Ерқожанова отырған. Баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, М. Жұмағұлов өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «жеңіл жолмен келетін ақша» жасағысы келген. Сөйтіп, бір азаматшаның сеніміне кіріп, оған мақсатты жер телімдеріне өзгеріс енгізіп, қосымша жер алып беруге уәде берген. Бұған қоса, көмекші зардап шегушіні мемлекеттік органдар тарапынан болатын барлық тексерістерден құтқарып қалуға уәде еткен. Бірақ ол өзінің бұл уәделерін орындай алмай, іске жоғарыда аталған бас маманды қосқан. Сол кезде Жұмағұлов Ерқожановаға зардап шегушіден жер телімін өзгертіп беру жөнінде өтініш жаздыртып алуды тапсырған. Нәтижесінде ол 21 000 АҚШ доллары (3 937 500 теңге) көлемінде зардап шеккен. Іле аудандық соты «қитұрқы әрекеттер» жасаушыларды бостандықтарын шектеу түрінде жазалауға үкім шығарды. Осылайша әкімнің көмекшісі М. Жұмағұлов дүние-мүліктері тәркілене отырып, 3 жыл 2 айға сотталуға және өмір бойы мемлекеттік қызмет жасау құқынан айрылуға кесілді. Бас маман Ф. Ерқожанова дүние-мүліктері тәркілене отырып, 3 жылға сотталуға және өмір бойы мемлекеттік қызмет жасау құқынан айрылуға кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ