• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2016

Ереванда бір топ адам полиция бөлімшесін басып алды

306 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51697" align="aligncenter" width="560"] Фото: twitter.com[/caption] Бүгін Арменияның астанасы Ереван қаласында мұздай қаруланған бір топ адам полиция бекетіне шабуыл жасап, тәртіп сақшылардың бөлімшесін басып алды. Армения полициясының хабарлауынша, бес қаруын асынған адамдар қаланың Эрубени ауданының полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, бірнеше адамды кепілдікке алған.  Олар 23 маусымда Ереван телемұнарасына қарулы шабуыл жасамақ болды деген айыппен 2 айға қамалған «Құрылтайшы парламент» және «Жаңа Армения» радикалды қозғалысының жетекшісі Жирайра Сефилянды босатып, Армения президенті Серж Саргсянның биліктен кетуін талап етіп отыр. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, полиция бөлімшесін басып алған адамдардың барлығы «Құрылтайшы парламент» және «Жаңа Армения» радикалды қозғалысын жақтаушылар.  Барлығы 25 адам. Қазір оқиға орнына арнайы жасақ келіп, полиция бөлімшесін қоршауға алды. Осы жерде таңертеңнен бері атыс болған. Соның салдарынан қарулы топтың бір мүшесі жарақат алған. Ал «Еркир медиа» телеарнасының хабарлауынша, бір адам қаза тапқан. Қарулы топтың қолында полиция бастығының орынбасары Валерий Осипян бар. Полиция бөлімшесіне шабуыл жасағандар әлеуметтік желіде видеолар да таратып жатыр. Дастан КЕНЖАЛИН