• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2016

Футбол. «Қайрат» кезекті жеңісіне жетті

274 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51736" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-турында «Қайрат» сырт алаңда «Ертіс» командасын ұтты. «Ертіс» (Павлодар) – «Қайрат» (Алматы) 2:3 (2:3) Орталық стадион. Төреші: Артём Кучин. «Ертіс» (Павлодар): Давид Лорья, Пиралы Алиев, Шота Григалашвили (Байе Фалль 75), Дамир Дәуітов, Руслан Есімов, Семир Керла, Григорий Сартаков, Қазыбек Гетериев, Карлос Фернандес, Осман Джаллоу, Роман Мұртазаев (Игнасио Фернандес 66). «Қайрат»: Стас Покатилов, Сезар Ампоста, Жарко Маркович (Ермек Қуатаев 50), Ғафуржан Сүйімбаев, Андрей Аршавин, Герсон Асеведо (Бауыржан Тұрысбек 79), Асылан Дарабаев (Михаил Бакаев 65), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Станислав Лунин, Гаэль Тавамба. Голдар: Семир Керла 5, Роман Мұртазаев 45 (пенальти) – Бауыржан Исламхан 16, Гаэль Тавамба 22, 40. Ескерту алғандар: Руслан Есімов 51 Пиралы Алиев 75 – Исламбек Қуат 6, Стас Покатилов 45. Алматының «Қайраты» маңызды кездесуінде қажетті үш ұпайына қол жеткізді. Бір қызығы, жанкүйерлер куә болған бес голдың бәрі бірінші таймда соғылды. Тартысты өткен кездесуде «Ертіс» сапынан Семир Керла есеп басын ашса, араға 11 минут салып, «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан пенальтиден таразы басын теңестіріп кетті. Ал командаға биылғы маусымда келген легионер Гаэль Тавамба 22-минутта екінші голды соқса, 40-минутта дубль иесі атанды. «Ертістің» үздік сұрмергені 45-минутта 11 метрлік айып добын орындап, есеп санын қысқартты. Екінші таймда қос команда қанша шабуылдағанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Аян ӘБДУӘЛИ