• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2016

Футбол. «Ақтөбе» өз алаңында «Шахтерді» ұтты

392 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-туры шеңберінде «Ақтөбе» өз алаңында Қарағандының «Шахтерімен» кездесті. «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:0 (1:0) Қобыланды батыр атындағы стадион. Төреші: Марат Ысқақов. «Ақтөбе» (Ақтөбе): Самат Отарбаев, Бағдат Қайыров, Куасси Куаджа, Марат Сыддықов, Никита Бочаров (Игорь Бойчук 88), Дидар Жалмұқан (Лассина Дао 9 (Егор Азовский 70)), Виктор Крюков, Вук Митошевич, Сандро Цвейба, Кирилл Шестаков, Алексей Щеткин. «Шахтер» (Қарағанды): Игорь Шацкий, Михаил Габышев (Айбар Нұрыбеков 78), Иван Садовничий, Мақсат Байжанов, Стефан Зошак, Игорь Пикалкин (Оралхан Өміртаев 86), Юлиус Сзоке, Сергей Скорых, Корнелис Уббинк (Вячеслав Путинцев 65), Филипп Серечин, Марко Симоновски. Голдар: Лассина Дао 22, Алексей Щеткин 58. Ескерту алғандар: Вук Митошевич 56 – Филипп Серечин 69, Мақсат Байжанов 72. «Ақтөбе» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, жеңіске жетті. Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен матчта алаң иелері екі гол соғып, үш ұпайына қол жеткізді. Алғашқы доп 22-минутта соғылды. Лассина Даоның шалқасынан жата қалып бағыттаған соққысы қақпаның торынан табылды. Игорь Шацкий бұл соққыны күтпеген болса керек, үлгермей қалды. Ойынның екінші таймында біраз шабуылдар өрбіді. Биыл ғана «Астанадан» ауысып келген Алексей Щеткин 58-минутта «Шахтерге» екінші голды тоғытты. Ол бұрыштамадан кейін аяғына ыңғайлы келе қалған допты қақпаға бағыттап, еншісіне бір голды жазып алды. Қос команда осыдан кейін бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырғанмен, есеп өзгеріссіз қалды.

21-тур қорытындысы бойынша турнир кестесі

Үздік сұрмергендер: Жерар Гоу («Қайрат») – 14 гол; Бауыржан Исламхан («Қайрат») – 12 гол; Роман Мұртазаев («Ертіс») – 11 гол; Келесі турдың қарсыластар реті төмендегідей: «Шахтер» – «Астана» «Қайрат» – «Тараз» «Оқжетпес» – «Ертіс» «Ақжайық» – «Тобыл» «Атырау» – «Жетісу» «Ақтөбе» – «Ордабасы» Аян ӘБДУӘЛИ