[caption id="attachment_51759" align="aligncenter" width="560"] Фото: aif.ru[/caption]
Қытайдың оңтүстігіндегі Фуцзянь провинциясында «Непартак» дауылынан опат болғандар саны 83 адамға жетті. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 19 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Қаза тапқандардың басым көпшілігі Миньцин уездінің тұрғындары. Мәліметтерге сәйкес, бұл маңайда 73 тұрғын опат болған.
Жойқын дауыл салдарынан 650 мыңнан астам тұрғын зардап шеккен. Қазіргі таңда 500 мыңы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Табиғат апатынан барлығы 900 миллион юань (135 миллион доллардан астам) шығын келген.
Осыған дейін 69 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. ТАСС ақпарат агенттігінің ақпары бойынша, 10 мыңға жуық тұрғын үй қирап қалса, 20 мың гектар егін алқабын су шайып кеткен. Сонымен қатар, жергілікті билік 233 кәсіпорынның жұмысын уақытша тоқтатты.
Аян ӘБДУӘЛИ