• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2016

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

353 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51772" align="aligncenter" width="560"] newskaz.ru[/caption] Бүгін, 18 шілде күні атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай соғып, жел күшейеді. Республиканың батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Inform.kz-тің хабарлауынша, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай соғып, тұман түседі деп күтілуде, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, сондай-ақ найзағай соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн ысиды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Айдар ӨРІСБАЕВ