• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2016

Алматыда лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленді

285 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51810" align="aligncenter" width="560"] Фото: otyrar.kz[/caption] inform.kz-тің хабарлауынша, бүгін, Астана уақытымен сағат 12:20-да қала аумағында террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленді. «Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын аталған деңгейде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырамыз», – делінген хабарламада. Айта кетейік, «қызыл» деңгейлі қауіп орнаған кезде жеке заттары мен транспорт құралдарын тексеруге және қозғалысты уақытша шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еш кедергісіз тұрғын үйлерге және басқа да ғимараттарға кіре беруге рұқсат бар. Телекоммуникациялық жүйе каналдары арқылы берілетін ақпарат пен келіссөздерді бақылау тәрізді шаралар да қабылданады. Барлық арнайы қызметтің әскери дайындығы күшейтіліп, әуежайларды, теңіз порттарын, метрополитен нысандарын, темір жолдарды, автобекеттерді арнайы құралдармен тексеру кезіндегі режімдердің қатаңдатылуы тәрізді шаралар жүргізіледі. Аян ӘБДУӘЛИ