• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2016

Атырауда «Нұр Отан» филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

323 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51839" align="aligncenter" width="560"] pricom.kz[/caption] Атыраудың бұрынғы әкімі Нұрлыбек Ожаев «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады inform.kz. «Бұл лауазымда болған Ерболат Бектеміров өз еркімен отставкаға кетуге өтініш білдірді. Ол аймақтағы саяси тұрақтылыққа, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге сүбелі үлес қосты. Ерболат Бектеміровтің орнына бұл қызметке Нұрлыбек Ожаевтың кандидатурасын ұсынамын», – деді өңірлік саяси бюро отырысында сөз сөйлеген аймақ басшысы, облыстық филиалдың төрағасы Нұрлан Ноғаев. Саяси бюро мүшелері Н.Ожаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Айдар ӨРІСБАЕВ