• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Иракта лаңкестік әрекеттен 25 адам қаза тапты

223 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51857" align="aligncenter" width="560"] Фото: novinite.ru[/caption] Ирактың батысындағы Әр-Рутба қаласында лаңкестердің шабуылынан 25 әскери қызметкер қаза тапты. Олардың бәрі қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. rg.ru сайтының ақпарына сәйкес, жанкештілер жарылғыш зат орнатылған екі көлікті жарған. Ал қала мэрі үкімет әскерінің «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» әрекетіне тойтарыс бергенін мәлімдеді. Айта кетейік, Ирак қарулы күштер мен федералды полициясы халықаралық коалиция мен ерікті-жасақшылардың көмегімен соңғы бірнеше айда Анбар провинциясында бірқатар елді мекендерді экстремистік ұйымдардан азат еткен болатын. Олардың арасында Әр-Рутбаның әкімшілік орталығы Рамади мен содырлардың негізгі шоғырланған жері Әл-Фаллуджа қалалары бар. Осыған байланысты аталған лаңкестік топ ел астанасы Бағдад қаласында бірнеше жарылыс ұйымдастырып, салдарынан екі жүзге жуық бейбіт халық қаза тапқан. Сонымен қатар, жүзден астамы түрлі деңгейде жарақат алған. Аян ӘБДУӘЛИ