Қазақстан Республикасы 2016 жылғы шілденің 15-інен 16-сына қараған түні ұйымдастырылған бауырлас Түрік Республикасындағы әскери төңкеріс әрекеті туралы ақпаратты үлкен алаңдаушылықпен қабылдады.
Қазақстан демократиялық жолмен сайланған қазіргі Түрік Республикасының Үкіметін нақты қолдайды. Әскери заңсыз әдістермен билік басына келу әрекеті өрескел болып табылады және Түркияның тұрақты дамуы мен гүлденуіне кедергі болады.
Осы оқиға салдарынан құрбандардың болуына орай түрік халқына шынайы көңіл айтамыз.
Қазақстан Республикасы бауырлас Түркияның демократиялық бағытын қолдайды және қалыптасқан ахуалдың одан әрі қантөгіссіз тез арада шешілуіне үміттенеді.