• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Батыс Қазақстанда екі мыңнан астам отбасыға жер телімі беріледі

294 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51941" align="aligncenter" width="560"] Фото: venturebeat.com[/caption] Батыс Қазақстан облысында кезекте тұрған 2278 отбасыға жер телімі биыл берілетін болды. Осыған байланысты үкімет қорынан қосымша 1,2 миллиард теңге бөлінген. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы инженерлік-коммуникациялық жүйелерді тартуға жұмсалады. 24.kz ақпарына сәйкес, Ақ Жайық өңірінде тұрғындарға жер телімі ең көп берілетін – Бөрілі ауданы. Бұл маңайда биыл 1623 адам жеке үй салатын жер алады. Ал облыс орталығының Зелёнов ауданында осы жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға 360 жер телімі үлестірілуі тиіс. Ол аудан орталығы Преметный, Володар және Белес ауылдарынан әзірленіп жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауданға электр желілері және сумен қамтамасыз ету жөнінде 250 миллион теңге бөлінді. Володар ауылынан 200-ге жуық адамға беріледі. Переметный ауылынан 200, соның 100 учаскесін құрылыс аяқталғаннан кейін беруді бастаймыз», – деді Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегенов. Темір ҚҰСАЙЫН