• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Алтынсарин отбасы тұтынған төсекқап

1019 рет
көрсетілді

«Бүгінге кемеңгер ағар­тушы Ыбырай Алтынсарин қолының табы қалған қандай зат жеткен?» деген сұрақты оның мемориалдық музейіне келгендер жиі қояды. Оның көзін көрген замандастарының жазып қалдырғанындай, Тобылдың жағасында Ыбырай атамыздың ағаш үйі болған. Бірақ, ол қайтыс болғаннан кейін қа­ғаздары мен кітаптары нақты кімнің қолында кеткені белгісіз. Сондықтан болар, Ыбырай Алтынсариннің орыс достарына жазған хаттары сақталған да, ал оған келген хаттар бүгінге жетпеді. Тұтынған заттары, үйінің мүлкі туралы дерек жоқ. Ыбырай қайтқанда балалары жас болған, ал өткен ғасырдың 30-шы жылдары оның ұрпағы қуғын көріп, тарыдай шашылып кетті. Қостанай қаласындағы ұстаз­дың мемориалдық му­зейінде қазір Ыбырайдың отбасы тұ­тын­ған төсекқап са­қтаулы. Оны 1992 жы­лы Оңтүстік Қазақстан об­лы­сындағы Леңгір қала­сында тұратын Гүлсана Тас­темірова деген кісі музейге пошта арқылы салып жіберген. Гүл­­сананың өзі Ыбы­рай Ал­­­тынсариннің әйелі Ай­ға­­ныстың сіңлісі Рәзияның немересі екен. Төсекқапты Гүл­­­санаға әжесі: «Ыбыкеңнің кө­зіндей көріп сақтарсың», деп тапсырыпты. Өте жіңішке иірілген жіп­тен ою салып, алаша секілді тоқылған төсекқаптың сәл өңі түскенімен, ұқыпты қолда сақ­талғаны білінеді. Сонымен қатар, музейде Ыбырай Алтын­сариннен жеткен жәдігердің бірі «Шарият-ұл-ислам» – «Мұ­­сылманшылықтың тұт­қа­сы» деген кітаптың түпнұс­қасы да сақтаулы. Араб қар­пімен жазылған кітапты Қос­­танайдағы Марал ишан ме­шітінің бас имамы марқұм Ер­тай қажы Исламұлы 2008 жы­лы тапсырған болатын. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ