Қарасай ауданындағы «Мадмар» жылыжайына тиесілі 4 га аумақты алып жатқан жеміс-жидек алаңқайынан күн көзі ашық болса тәулігіне 9 тонна, бұлтты болса 4 тонна өнім алынады. Негізінен, жылыжайда қиярдың 3 сорты голландиялық технологиямен компьютерлік басқару арқылы тамшылатып суғару әдісі бойынша өсіріледі. Биыл салат жапырағы мен қызанақ та қосымша егілді. Көкөністер жәндіктер жіберу арқылы биологиялық түрде зиянкестерден тазартылып отырады. Дайын өнім Алматыдағы «Алтынорда» базары мен Ресейге жөнелтіледі. Жылыжайда 100 адам жұмыспен қамтылып, ай сайын орташа 60-70 мың теңге аралығында еңбекақы алады.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы,
Қарасай ауданы