• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:06

Жерде магниттік дауыл басталды

30 рет
көрсетілді

Ғалымдардың болжауынша, геомагниттік толқулардың ең белсенді кезеңі алғашқы екі тәулікке созылмақ. 18 сәуір күні Жер бетінде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың мәліметінше, қазіргі толқу деңгейі – G1, яғни бес балдық шкала бойынша ең төменгі көрсеткіш. Дегенмен, геомагниттік жағдайдың тұрақсыздығы бес күннен жеті күнге дейін созылуы мүмкін.

Ең белсенді кезең: Алғашқы 1-2 күн (демалыс күндері). Геомагниттік индекс мезгіл-мезгіл G2 (орташа дауыл) деңгейіне дейін көтерілуі ықтимал. Бұдан жоғары көрсеткіштердің болу мүмкіндігі төмен.

Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?

Айта кетейік, бұл – сәуір айындағы екінші магниттік дауыл. Осы айдың басында болған алғашқы толқу G3 деңгейіне жуықтаған болатын. Жалпы, 2026 жыл геомагниттік ауытқуларға өте бай болады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар