• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2016

Қытайда ерекше ұшақтың таныстырылымы өтті

347 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52879" align="aligncenter" width="560"] Фото: bbc.com[/caption] Қытай әлемдегі ең ірі амфибия-ұшағының үлгісін таныстырды. AG600-дің бір ерекшелігі кәдімгі аэродромдардан ұшып-қонуға қабілетті болмақ. bbc.com мәліметіне сәйкес, салтанатты рәсім Аспанасты елінің Гуандун провинциясында болған. Инженерлердің айтуынша, ол орман өртін сөндіру үшін, су үстіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу үшін, сонымен қатар Оңтүстік-Қытай теңізіне жүк тасу үшін арналған екен. AVIC корпорациясы оның 4500 метр биіктікте 53,5 тоннаға дейін жүк тасымалдай алатындығын мәлімдеді. AG600 көлемі жағынан Американың Boeing-737 ұшағымен бірдей. Boeing – әуе, ғарыш және әскери техникалар шығаратын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Шанхай қаласында шағын гидроұшақтың апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Алғаш рет әуеге көтерілген B-10FW автокөлік көпіріне соғылып, бортындағы 10 адамның 5-і қаза тапқан еді. Ол Цзиньшань ауданынан Чжоушань қаласына қарай бағыт алыпты. Аян ӘБДУӘЛИ