• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Қайраткерге құрмет

305 рет
көрсетілді

Елбасы қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Жиенбаевпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқының бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті. Қазақстан Президенті С.Жиен­баевқа әскери ерлігі мен елдің дамуы жолындағы аянбай еткен еңбегі үшін алғыс айтып, алған мара­патымен құттықтады. – Сіз өткен ғасырдың қиын кезеңдерінің куәсі болдыңыз. Ұлы Отан соғысын бастан аяғына дейін өткердіңіз, одан кейін Қазақстан экономикасын өркендету жолында қызмет еттіңіз. Тәуелсіздік жылдарында елімізге баға жетпес қолдау көрсеттіңіз. Өткен өміріңізді айта отырып, жастарды тәрбиелеп келесіз. Бұл туралы баршамызға аян, аз айтылып, аз жазылған жоқ. Бүгінде Сіздің биік азаматтық қасиеттеріңіз барша Қазақстанның құрметі мен қошеметіне лайық, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор денсаулық пен бақыт тіледі. С.Жиенбаев республика­ның қалыптасуы мен дамуын­дағы Қазақстан Президентінің жеке еңбегіне тоқталды және өз қыз­­­метін жоғары бағалағаны үшін  алғыс айтты. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ